Перейти к содержимому страницы.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНДАҒЫ «ХҰСНИ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫБЫНДА САБАҚТАР БАСТАЛДЫ

27.09.2024

Өткен жылы Железин ауданында Марғұлан университетінің «Хұсни» қыздар педагогикалық сыныбы ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Қыз балаларды, соның ішінде үлкен сынып оқушыларын педагогикалық мамандықтарға баулуға арналған педсыныптың жұмысы биыл да жалғасын тапты.

Кеше Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректордың м.а. Жанбол Жилбаев, педагогика жоғары мектебінің деканы Ботакөз Нұрмағамбетова, педагогика жоғары мектебінің оқытушылары Алтынай Мурзатаева, Гүлнәр Таженова, Гүлжан Байжүнісова, “Тарих” білім беру бағдарламасының жетекшісі Бауыржан Абдрахманова сынды университет делегациясы аталған ауданға іс-сапармен барды. Университет делегациясы М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінде оқушылармен және жас маман болып барған Марғұлан университетінің түлектерімен кездесті.