ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ САПАРЫ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
28.03.2025
Бүгін Марғұлан университеті 41-ші орта мектептің 4 «В» сыныбының оқушыларына есігін кеңінен ашты. Ең жас қонақтарды академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ольга Андрющенко қарсы алып, оларға оқуында табыс тіледі және естелік сыйлықтар тапсырды.
Университеттің студенттері мен оқытушылары балалар үшін қызықты бағдарлама ұйымдастырды. Оқушылар қызықты эксперименттер мен ғылыми тәжірибелердің куәсі болып, университеттің Табиғат мұражайы мен шығармашылық шеберханаларымен танысты.
Бұл шара кішкентай қонақтар үшін тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар ғылым мен шығармашылық атмосферасына енуге мүмкіндік беретін шабыттандыратын тәжірибе болды.