«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ!
15.06.2022
«Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа еңбек маусымы басталды. Павлодар педагогикалық университетінің 15 студенті жұмысқа кірісті. Олар ППУ аумағын көріктендіру, абаттандыру және бұзылған нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар №1 және №2 студенттер жатақханасының ішкі бөлігіне жөндеу жұмысын жүргізеді.
Жұмысқа кіріскен студенттермен ППУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мақсат Нығманов кездесіп, сәттілік тіледі.
ППУ жастар саясаты жөніндегі департамент өкілдерінің сөзінше студенттерге университет пен «Жасыл ел» еңбек жасағының есебінен айлық төленеді. Жұмыс 6 шілдеге дейін жалғасады.