ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ШАҢҒЫ РОЛЛЕРДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІСІ!
05.09.2022
Өнер және спорт жоғары мектебінің ДжС-14 тобының студенті Елизавета Толмачева Латвияның Мадона қаласында өткен FIS шаңғы роллер бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Халықаралық деңгейде өткен шаңғы жарысына спортшымыз Қазақстан Республикасының жастар құрамасында қатысты.
Чемпионаттың алғашқы жарыстық күнінде Елизавета Толмачёва 6 нәтижемен мәреге жетті. Жарыстың екінші күні командалық спринт өтті. Елизавета Толмачёва мен Нұр-Сұлтан қаласының спортышысы Мария Геращенко табан тірескен күресте Латвиядан келген қарсыластарына бар-жоғы 2 секунд есесін жіберіп алып, "күміс" жеңіп алды.
Шаңғы роллер бойынша Әлем чемпионатының соңғы күнінде 15 шақырым жаппай-сөреде Елизавета мен Сабинаға тұғырға дейін кішкене жетпей қалды. Қыздар бесінші және алтыншы нәтижемен мәреге жетті.
Павлодарлық шаңғы спорты тарихында алғаш рет елордалық шаңғышымен жұпта шыққан спортшымыз шаңғы роллер жарысынан командалық спринтте әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Сабина, Мария және олардың жаттықтырушыларын халықаралық деңгейдегі жарыстардағы сәтті өнерлерімен құттықтаймыз. Сіздерге алдағы уақытта да үлкен табыстар мен жеңістер тілейміз!