ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ: СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
23.02.2023
Павлодар педагогикалық университеті "Балалар мен жасөспірімдер ортасында зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу стратегиясын қалыптастыру және буллингті алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шiара Павлодар облысы білім басқармасы мен Марғұлан университеті арасындағы меморандум негізінде өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер ортасында буллингтің алдын алудың өзекті мәселелерін талқылау.
Дөңгелек үстелдің модераторы Педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Арна Аплашова болды.
Спикерлер ретінде әртүрлі сала өкілдері қатысты: Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Психология және тұлғаны дамыту орталығының жетекші сарапшысы Эльмира Әлиева, отбасылық психолог, суицидолог, "Just Support" антибуллинг қоғамдастық ұйымының жетекшісі , Светлана Богатырева, психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Әлкей Марғұлан университетінің Практикалық психология орталығының директоры Ольга Колюх, "Сенімен болашақ" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанарыс Хызыр, 25 ЖОББМ педагог-психологы Жанар Ордабаева, "Naızatas" журналының бас редакторы, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» төрағасы Асыл Әбішев, психология ғылымдарының докторы профессор, Марғұлан университетінің Эксперименталдық психология және психодиагностика зертханасының меңгерушісі Николай Шадрин, 21 ЖОББМ педагог-психологы Марина Кеңесбаева.
Дөңгелек үстел офлайн және онлайн форматта өтті. Маңызды іс-шараға Павлодар қаласының білім беру бөлімінің өкілдері, қала және облыс педагог-психологтары, ЖОО және колледж оқытушылары, Педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары қатысты.
Дөңгелек үстел бір деммен өтті, барлық баяндамалар бір-бірін толықтырылып, белсенді кері байланыс тудырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланатын жағымсыз құбылыстар жүйелі сипатқа ие екенін және оларды мұқият зерделеуді талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ, дөңгелек үстелдің жұмысы барысында қатысушыларды осы тақырыптың проблемаларына батырған бейнематериалдар қаралды.
Дөңгелек үстел жұмысының соңында қатысушылар талқыланатын тақырыптың тәжірибелік маңыздылығын атап, буллинг жағдайларында уақтылы алғашқы және мамандандырылған көмек түрлеріне тоқтап, мектеп сыныптарындағы психологиялық ахуалды жақсартудың, білім алушылардың әлеуметтік-маңызды қасиеттерін дамытудың, сондай-ақ ата-аналармен психологиялық-педагогикалық жұмыс атқарудың маңыздылығын атап өтті.