Перейти к содержимому страницы.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯДА ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР

25.11.2024

Өткен бейсенбіде "Шет тілі: екі шет тілі"ББ оқытушылары мен магистранттарына арналған "AI Technologies in Intercultural communication" тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар барысында оқытушылар мен магистранттар жасанды интеллектті мәдениетаралық қарым-қатынас тәсілдерін, бір тілден екінші тілге аударуда қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтау тәсілін талқылауға мүмкіндік алды.
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры А.М.Мамадалиев Марғұлан университетіндегі әріптестерімен білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану мәселесінде өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар жұмысына "Шет тілі: екі шет тілі" ББ басшысы А.С. Жолдабаева, оқытушылар: Г. М. Туртулова, Д. В. Пашканьян, А. Б. Ахметова, Р. Э. Табынбаев, А. Б. Раисова, Г. Д. Ерғазинова, Д.Құсайынов, сондай-ақ бірінші және екінші курс магистранттары қатысты.