Перейти к содержимому страницы.

«ЖАС ҰРПАҚ» ЛАГЕРІНДЕГІ КӨҢІЛДІ КҮНДЕР

26.06.2023

Бүгін «Жас ұрпақ» лагерінде балалар бастапқы жүзу техникасын меңгеріп, суда ойнады.

Өнер және спорт жоғары мектебі вице-деканының орынбасары Наталья Пантованың айтуынша, бассейндегі қызықты іс-шаралар, судағы ойындар балаларға ұмытылмас эмоциялар мен релаксация береді.

«Суда ойнау денені дамытады, иммундық жүйені нығайтады, жүзу дағдыларын шыңдайды және жетілдіреді, балалардың бойында ерік-жігерлік қасиеттерін, жолдастық пен ұжымшылдық сезімдерін қалыптастырады», - дейді Наталья Анатольевна.

Балалар бүгін Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың оқу залын, Өнер және спорт жоғары мектебінің музыка және хор кабинеттерін аралады. Олар «Балалар әлемі» флешмобына |атысып, Шығармашылық шеберханада гуашьпен жұмыс жасап, сүйікті жануарларының суретін салды, портрет салу техникасын үйренді.