«ЖАС ҰРПАҚ» ЛАГЕРІНДЕГІ ЖАРҚЫН, ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ
22.06.2023
Төртінші күні Өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттерінің, медицина қызметкерлерінің қатаң басшылығымен «Жас ұрпақ» жазғы сауықтыру-шығармашылық лагерінде демалыс қызу жүріп жатыр.
Өнер және спорт жоғары мектебі вице-деканы Наталья Пантова ұстаздардың жетекшілігімен ұл-қыздар бассейнде сабақ алып, ойын түрінде жүзуді игеріп, «Асық ату», «Бес тас» т.б. спорттық ойындарға қатысып жатқанын айтты.
«Бүгін де балалар үшін өте қызықты күн болды. Спорт залдарындағы олар ептілік пен үйлесімділік бойынша күштік гимнастика элементтерімен эстафеталық жарыста сынға түсті. Өте шаршаған, көптеген жағымды эмоциялар алған біздің балаларымыз сия- кляксография және ниткография техникасын үйренуге кетті. Бояуларды шашыратып, дақтарды, тамшыларды салу арқылы өздерінің туындыларын жасады», - дейді Наталья Анатаолевна.
«Жас ұрпақ» сауықтыру-шығармашылық лагерінде қызметкерлердің балалары жазғы демалыстарын осылай белсенді, көңілді, сауықтыру шараларымен өткізуде!