Перейти к содержимому страницы.

ЖАС ҒАЛЫМДАР – ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

13.04.2023

Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінде Ғылым күні қарсаңында «Жас ғалымдарды
белсенді ғылыми қызметке ынталандыру жүйелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Марғұлан атындағы Педагогика және психология жоғары мектебінің докторанты Арсланбек Мұхаметқайыров қатысты.

Баяндамашы ретінде жас ғалымдар мен зерттеушілерді мемлекеттік қолдау шараларының орындалуы туралы баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі саланы дамытудың барлық стратегиялық
міндеттері мен көрсеткіштерін біріктіретін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жаңа жобасын әзірледі.

Ғылыми қызметкерлердің жалақысы екі есе өседі. Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру енгізіледі. Алдағы үш жылда ғылыми қызметті қаржыландыру 3,5 есеге ұлғаяды.

Сондай-ақ, Арсланбек Мұхаметқайыров ұстаздармен және студенттермен жас ғалымдарды қолдау туралы өз ойымен бөлісті. «Бүгінде мемлекет жас ғалымдарға үлкен қолдау көрсетуде. Бұған ұлғайтылған шәкіртақылар, көптеген түрлі ғылыми гранттар, шетелдік тағылымдамадан өтуді қаржыландыру және т.б. кіреді. Баршаңызды ғылыммен айналысып, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырамын», – деді Арсланбек
Ерболатұлы.