ЖАС ҒАЛЫМДАР «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
09.06.2023
Жақында Астана қаласында жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті. Форумның тақырыбы - «Диалог арқылы қиындықтарды жеңу: ынтымақтастық, даму және ілгерілеу жолында» деп аталады.
Халықаралық форумға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының докторанты Арсланбек Мұхаметқаиров және «Тарих білім беру» бағдарламасының магистранты Канагат Ергалиев катысты.
Астана халықаралық форумы (ХФА) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және орнықтылық, энергетика және климат өзгерісі, сондай-ақ экономика және қаржы саласындағы негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешуге бағытталған.
Форумның негізгі мақсаты әлем алдында тұрған негізгі мәселелерді шешу болды. Форум жұмысы төрт санатқа бөлінді (әр санатта ішкі бөлімдер бар): сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетикалық ресурстар және жаһандық жылыну, экономика және қаржы.
Форумның жұмысына спикер ретінде ірі халықаралық кәсіпорындардың атқарушы директорлары, саясаткерлер мен журналистер, ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары т.б. шетелдік делегаттар қатысты. Астана форумы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау және шешу үшін әлемдегі ең ірі халықаралық және өңірлік диалогты өткізу алаңына айналды.