Перейти к содержимому страницы.

“ЖАС ҒАЛЫМ” ФОРУМЫ

14.04.2025

11 сәуір күні Қазақстан Республикасында Ғылым күнін атап өту аясында Жоғары педагогика мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы – қауымдастырылған профессор А.Б. Дүзелбаева мен аға оқытушы А.Д. Калимова І Республикалық «Жас ғалым» форумына қатысты. Аталған форум Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам жас ғалымды біріктірді.

Форумның ашылу салтанатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып, жаңа ғылыми зерттеулер мен ғылымды дамытудың маңыздылығы туралы айтты.

Форум барысында мемлекет тарапынан қазақстандық ғылымды дамыту және жас ғалымдарды қолдау мақсатында ұсынылып отырған мүмкіндіктер кеңінен талқыланды. Жас зерттеушілер еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту және ғылыми қауымдастықтарды дамыту жөнінде өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Форум соңында жас ғалымдар қазақстандық ғылымды дамытуға бағытталған ұсыныстары қамтылған резолюция қабылдады.