Перейти к содержимому страницы.

ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

01.11.2022

Бүгін даңқты қолбасшы, қазақтың соңғы ханы К.Қасымұлының 220 жылдығына орай ППУ-да “Қазақ деген батыр ел, ешкімге намыс бермеген” атты қалалық жас ақындар мүшайрасы өткізілді! Мүшайраға қала мектептерінен, колледж және университеттерден оқушылар мен студенттер қатысты. Жас ақындардың сөз саптауын бағалап, әділ төрелік етуге қазылар алқасына “Найзатас” әдеби-журналының жауапты хатшысы, ақын -Еламан Қабділәшім, “Сарыарқа самалы” газетінің веб-редакторы, ақын - Алтынбек Мұқышев және “Құс қанат ғұмыр” ұйымының дарынды ақыны- Марат Әбілхан келді.

Қалалық жас ақындар мүшайрасында бас жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Сәулет Нұршапағат қанжығасына байлады.

Мүшайраның 1 орыны -Әлібай Алинаға (ҚТӘ-13) бұйырды. Жүлделі 2 орындарды Аманбек Сұлтанбек (ҚТӘ-11қ), Имантай Мағзум (ҚТӘ-13) еншіледі. Ал 3 орындар Кемелбек Гүлжанат (ҚТӘ-35), Жәнібек Есенкелді (М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж), Абылқас Жамбыл (М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж) сынды жас ақындарға берілді.

Жеңістеріңіз құтты болсын, жас ақындар! Шабыттарыңыз шыңдала берсін!