ЖАС АҚЫНДАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
15.11.2024
Кеше Семей қаласындағы Шәкәрім универститетінің 90 жылдық мерейтойы аясында өткен республикалық «Ұлт болашағы жастардың қолында» атты жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды. Осы мүшәйраға Марғұлан университетінен алты ақын қатысып, оның төртеуі жүлдегер атанып қайтты. Атап айтсақ, Жәнібек Есенкелді бас жүлдені жеңіп алса, Рамазан Дәуренбекұлы екінші орынды еншіледі. Сонымен қатар, Бақдәулет Төлеухан мен Бексұлтан Қайдаров үшінші орындарды бөлісті.
Мүшәйраның талаптары бойынша, әр қатысушы екі өлеңнен оқыды. Оның бірі – ақынның авторлық шығармасы. Отан, туған жер тақырыбына арналған болуы керек. Екіншісі кезекте Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығынан бір өлең оқыды. Марапаттау рәсімі Семей қаласы Шәкәрім университетінде өтті.