"ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ..."
31.05.2023
Университет қабырғасында филология ғылымдарының докторы, профессор Едіге Тұрсыновтың 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Ғалымды еске алу шарасына филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері Қайрат Жаңабаев пен бірге онлай форматта Өнертану докторы, Stanford University профессоры Изалий Иосифович Земовский, Алма Бектұрсынқызы Құнанбаева сынды атақты ғалымдар қатысты.
Жиын барысында Едіге Тұрсыновтың өмірбаяны айтылып, студенттерге тұлғаның еңбек жолы таныстырылды. Бұдан бөлек, оның кейбір методологиялық әдістері баяндалды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз естеліктермен бөлісіп, пікірлерін білдірді.
Едіге Дәріғұлұлының қазақ филология саласына сіңірген еңбегі зор. "Ғалымның хаты өлмейді" деген тәмсіз дәл осы Едіге Тұрсыновқа арналғандай. Себебі, жазып кеткен еңбектері, методологиялық әдістемелері әлі күнге дейін білім саласында қолданылып келеді. Бұл конференция да Едіге Тұрсыновтың ісін әрі қарай жалғастыруға септігін тигізеді,-дейді америкалық ғалымдар.
Ал, жиын барысында сөз алған Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, білім магистрі Айжан Түргенбаева жиналғандарға алғыс білдірді.
Дөңгелек үстел барысында Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері Қайрат Жаңабаевтың "Политический текст в обряде и ритуале: генезис, формы, функции" атты кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар, Едіге Тұрсыновтың еңбектерінен көрме де ұйымдастырылды.
Айта кету керек, Тіл білімі институты мен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің арасында біріге жұмыс жасау туралы меморандум бар. Сол шарт негізінде алдағы уақытта осындай жиындар жиі ұйымдастырылмақ.