Перейти к содержимому страницы.

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

12.10.2023

Марғұлан университетінің студенттері ҚР Президенттік орталықтың «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» атты екі күндік онлайн семинар-тренингіне қатысты. Семинарды Президенттік орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайыпова Ботагөз Мұттахиденқызы ашты.

Сондай-ақ, жетекші ғылыми қызметкер Хамитова Ақбота Камоевна «Әділеттілік: тұжырымдамалық қағидаттар. Қазақстандық қоғамның социомәдени идеалдары. Қарама-қайшылықтар бар ма? Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.

Аға сарапшы Күнзия Ағымбайқызы Үмбетова және жетекші ғылыми қызметкер Оспанова Әсия Әділқызы студенттермен команда құру және әлеуметтік жұмыстар бойынша тимбилдинг тренингтерін өткізді.

Университеттің жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері Президенттік орталық өкілдеріне алғыстарын білдіріп, семинар-тренинг студенттерге өздеріне пайдалы білім беріп, патриоттық және азаматтық сананы қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.