MU ЖАҢА МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
12.02.2025
Марғұлан университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы өздерінің бейіндік магистратура бағдарламасын таныстырды.
Іс-шара облыстық білім басқармасы мен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында өтті. Оған қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, интернаттық жүйе мен қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – бейіндік магистратура бағдарламасына қабылдау ережелеріндегі маңызды өзгерістер туралы ақпарат беру.
Биыл «Педагогика және психология» бейіндік магистратурасына түсу процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Оқу мерзімі – бар болғаны 1 жыл. Келісімшарт негізінде оқуға түсетін талапкерлер үшін шет тілі бойынша міндетті тесттер мен кешенді тестілеу алынып тасталды. Бұдан бөлек, университет белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар талапкерлерге жеңілдіктер ұсынады. Мемлекеттік қызметте басшылық қызметте кемінде 5 жыл немесе мамандық бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар үміткерлер қосымша талаптарсыз оқуға түсе алады. Сондай-ақ, шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар талапкерлер білім беру грантына түсу конкурсы аясында шет тілі тестінен босатылады.
Бағдарлама түлектері үшін еңбекақыға 10 АЕК көлемінде қосымша төлем қарастырылған, бұл оқуды одан әрі тартымды етеді.
Кездесу барысында Марғұлан университеті жанында табысты жұмыс істеп келе жатқан «Практикалық психология орталығының» қызметі де таныстырылды. Орталық педагогика және психология саласында балалармен және жасөспірімдермен тиімді жұмыс істей алатын мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады