БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
22.04.2022
Жаратылыстану жоғары мектебі Ғылым апталығы аясында ұйымдастырған "Биологиядағы үздік ғылыми зерттеулер" республикалық байқауының финалы өтті. Байқау екі номинация бойынша өткізілді: "Биология бойынша мектеп және колледж оқушыларының үздік ғылыми-зерттеу жұмысы" және "ЖОО білім алушыларының биология бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысы". Байқауға ҚР әр аймақтарынан 40-тан астам мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері қатысты. Байқаудың "Биологиядағы үздік ғылыми зерттеулер" номинациясында I орын - Тараз қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Әйту Ақәділ жеңіп алды.
II орында - Тараз қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушылары Жұмғали Арсен мен Рахимов Зарифжон.
III орын - № 2 Чернорецк ЖОББМ 10 сынып оқушылары Штарк Алексей мен Максимцева Юлияға бұйырды.
"ЖОО білім алушыларының биология бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысы" номинациясында I орынға - ППУ Биология білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Ерсаин А. (ғылыми жетекшісі: б.ғ.қ., қауымдастырылған профессор Кабиева С.Ж.) ие болды. II орында - Торайғыров университеті Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Муслимова Л. (ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Арынова Ш.Ж.) және ППУ Биология білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Жанайхан М. (ғылыми жетекшісі: доцент, б.ғ.к. Корогод Н.П.).
III орын – ППУ Биология білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Пузач А. мен Литвинцева А. (ғылыми жетекшісі: доцент, б.ғ.к.Корогод Н.П.).
Бұл байқау жыл сайын өткізіледі, жоба тақырыптары экологияның түрлі мәселелерін, биоалуантүрлілікті сақтауды, туған өлкенің табиғатын зерттеуді қамтиды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өте жоғары деңгейін атап өтеді.