Перейти к содержимому страницы.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ЖАҢА ҚАДАМ

09.06.2025

Бүгін Марғұлан университетіне жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасындағы Ош мемлекеттік университетінің делегациясы келді.

Күннің бірінші жартысында қонақтарды университетттің Басқарма төрағасы – Ректоры Ержан Әмірбекұлы қабылдады. Екі тарап өзара құрмет пен серіктестік байланыстарды дамытуға мүдделілік білдірді.

«Ош мемлекеттік университеті – Ош облысының жүрегінде орналасқан ірі білім ордасы, өзіндік “мемлекет ішіндегі мемлекет” деуге болады. Біз – ортақ тарих пен мәдениеті бар бауырлас халықпыз, және біздің әріптестігіміз ұзақ мерзімді, табысты ынтымақтастыққа айналатынына сенімдімін» – деді Ержан Әмірбекұлы өз сөзінде.

Кездесуден кейін делегация университеттің инфрақұрылымымен танысты: жоғары мектептер, Биоценоз және экологиялық зерттеулер орталығы, табиғат мұражайы және оқу зертханалары көрсетілді. Сондай-ақ STEM-кабинет пен инклюзивті білім беру кабинеті бар педагогикалық технопаркпен танысу өтті.

Күннің екінші жартысында сапардың ресми бөлігі — серіктестікті дамыту бойынша нақты қадамдар талқыланатын дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Ош мемлекеттік университеті 1951 жылы құрылған. Бүгінде бұл оқу орнында 76 мамандық бойынша шамамен 27 мың студент білім алуда.