Перейти к содержимому страницы.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР

10.01.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білімнің әлеуетін күшейту» халықаралық жобасының 4-ші кезеңі басталды.

Апталық барысында әзірленген 30 инновациялық білім беру бағдарламасының ауқымын кеңейту үшін ЖОО-ның 64 оқытушысы оқытылады.

Аталған жобаның университет командасының жетекшісі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ольга Андрющенконың айтуынша, бұл жұмыс ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің әр аймақтың қажеттіліктеріне қарай бағытталған білікті мамандарды даярлау бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жүргізілуде.

Бұл жоба мұғалімдердің біліктілігін арттыру аясында үлкен стратегиялық маңызға ие. Ол мұғалімдердің білім сапасын арттыруға, инклюзивті білім беру, цифрлық оқыту, құзіреттілікке негізделген әдіс, студенттерге бағдарланған оқыту тұрғысынан ұстаздардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

«Әзірленген білім беру бағдарламаларын масштабтау 2023 жылдың қыркүйегінде басталады. Осыған байланысты біз профессорлық-оқытушылар қауымын осы бағыттағы жұмысты бастауға дайындауымыз керек. Жаңа бағдарламалар сұранысқа ие мамандықтардың тапшылығының орнын толтыруға, педагогтардың санын арттыруға, ең бастысы, оларды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған», - деді Ольга Константиновна.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар барысында мұғалімдерді оқытудағы тенденциялар мен трендтер, ББ әзірлеу тетіктері, студентке бағытталған оқыту принциптері, бағалау саясаты, сондай-ақ конструктивті үйлестіру тұжырымдамалары талқыланады. Оқытушылар білім беру бағдарламаның пәндік компонентімен танысады. Оқытуға белсенді технологияларды қолдану арқылы интерактивті режимде өтеді.

Семинарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Финляндия және Дүниежүзілік банктің «Педагогтардың білім беру әлеуетін күшейту» атты бірлескен жобасы аясында оқудан өткен университет тренерлер тобы өткізеді.