ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
21.09.2022
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен оқу ісі департаментінің қызметкерлері Торайғыров университетінде «Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі» атты әдістемелік семинарға қатысты. Семинар ҚР Ғылым және жоғары білімі министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының «Сапалы білім», «Білімді ұлт» ұлттық жобаларын жүзеге асыру аясында өтті.
Әдістемелік семинар аясында «Қазақстанның стратегиялық дамуындағы білім берудің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел, білім берудегі стратегиялық өзгерістер бойынша сараптамалық сессиялар, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын үйрету мақсатында интерактивті және тәжірибеге бағытталған сессиялар өткізілді.
Семинарға қатысушылар өз жобаларын ұсынды, онда шартты түрде анықталған университеттер оның стратегиясы мен миссиясы негізінде ЖОО бітірушінің моделі мен құзыреттерін, оқу нәтижелерін, білім беру бағдарламаларын және осы оқу нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін пәндерді әзірледі.
Семинарда білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәсілдері өзгергенін және заманауи талаптарды ескере отырып, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс қажет екенін көрсететін әдістеме берілді.