«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ҚҰРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
12.12.2024
Марғұлан университетінде «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ҚҰРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға білім, практика және озық тәжірибелермен алмасу үшін Республикамыздың түрлі өңірлерінен және басқа елдердің ғалымдарын, практиктері мен инклюзия мамандарын жинады.
Атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Өзбестан, Туба елдерінен ғалымдар қатысып, инклюзивті білім мәселесін кеңінен талқықалды.
Конференцияның модераторы- Марғұлан университеті стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Серік Ильясов. Шараға Алтынсарин атындағы ҰБА-ның жетекші сарапшысы Эльмира Алиева, Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының м.а. Жанат Асаинова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Институт развития, здоровья и адаптации ребенка» Федеральды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекеменің (Мәскеу, Ресей) директоры Приступа Елена Николаевна, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының» басшысы Кайсина Динара Магжановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Ташкент, Өзбекстан), «Арнайы педагогика және инклюзивті білім беру» факультетінің деканы Нуркельдиева Дильбар Ахмадовна, Тува мемлекеттік университетінің (Кызыл қаласы, Тыва Республикасы) информатика кафедрасының аға оқытушысы Домур-оол Чойгана Дмитриевна сынды спикерлер қатысып, арнайы баяндама жасады. Баяндамалар тақырыбы ауқымды. «Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нормативтік талаптары», «Инклюзивті білім беру: тәжірибе, мәселелер, даму перспективалары», «Мүмкіндігі шектеулі балалармен информатика сабақтарының ерекшеліктері»,«Қазақстанның «Асыл Мирас» Аутизм орталықтарының қызметі және интервенция бағдарламалары» тақырыптары бойынша баяндамалар жасалып, маңызды ұсыныстар айтылды.