Перейти к содержимому страницы.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

12.12.2025

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ҚҰРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ»

атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталмыш конференцияға Павлодар облысының білім беру басқармасы, төрт бірдей шетелдік ірі оқу орындарының ғалымдары, университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысты.

Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы өз сөзінде инклюзивті білім беру мәселелеріне тоқталып, жаңа заман тенденцияларына сай әрекет етудің қажеттілігіне баса назар аударды.

Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Есенгельдин Бауыржан Сатыбалдыұлы шара модераторы болды.

Павлодар облысының тәжірибесі негізінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Айтмухамбетова Жібек Оразбаевна тоқталып өтті.

Zoom платформасы арқылы ғылыми конференцияға қосылған шетелдік ғалымдар да спикер ретінде өз тәжірибелерімен бөлісті.