Перейти к содержимому страницы.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ОТЫРЫС

11.06.2024

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Инклюзивті білім беру: инновациялық тәсілдері мен сын-қатерлері» тақырыбында кеңейтілген көшпелі кеңесін өткізді. Кеңес «Арнайы педагогика» және «Денсаулық сақтау» бағыттарында өтті. Аталған жиынға педагогика жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы Ахметова Әсем Еркінқызы қатысты.
Оқу-әдістемелік бірлестік отырысы арнайы педагогтарды даярлауға, оңалту мәселесіне және эргопедагогикаға арналды.
Отырыс барысында қазіргі таңда Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру бағыты бойынша кадрларды даярлау мәселесімен айналысып жүрген жетекші ғалымдар - Зульфия Мовкебаева, Ғалия Абаева және т.б. баяндама жасады.
Шығыс Қазақстан университетінің Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры Светлана Стельмах қатысушыларға университеттің «Эргопедагогика» және «Ерте жастан қолдау педагогикасы» инновациялық білім беру бағдарламаларын таныстырды.