«ИнЕУ» ЖШС мен «ППУ» КЕАҚ арасында Меморандумға қол қойылды
08.02.2021
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгін (8.02.2021ж) Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев пен «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС ректоры Евгений Никитин өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум мақсаты – ҚР Президенті мен ҚР Білім және ғылым Министрлігі саясатын қолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға Білім мен ғылымды дамытуға және ЖОО профильдеуге арналған бағдарламаны жүзеге асыру, педагог мамандарды даярлауда білім алушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету.
Келіссөзде екі жақ та бірлесіп ынтымақтаса жұмыс істеуге әзір екендігі айтылды. ИнЕУ-дің ректоры өз сөзінде Павлодар педагогикалық университеті бүгінгі таңда педагог мамандарын дайындайтын өңіріміздегі бірден-бір оқу орны екенін айта келіп, Инновациялық Еуразия университетінде педагог кадрларды дайындау бағытындағы білім алушыларды осы оқу орнына ауыстыру мәселесі сөз болды. Ректор Ж.Жилбаев бұл бағытта Павлодар педагогикалық университеті білім алушыларды қабылдауға дайын екендігін және ол үшін аталмыш оқу орнының материалдық-техникалық базасы, аудиториялар мен білім беру мүмкіндігінің бар екендігін жеткізді.