Перейти к содержимому страницы.

IAAR-да аккредиттеуден кейінгі мониторингті сәтті өту

17.06.2022

2022 жылғы 17 маусымда білім беру ұйымдарын халықаралық институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу бойынша сыртқы сараптама комиссияларының (ССК) материалдарын қарау бойынша IAAR Аккредиттеу кеңесінің отырысы өтті.

3 білім беру бағдарламасының (6В01550 Биология, 6В01510 Математика, 6В01520 Физика) институционалдық және мамандандырылған  аккредитациясының аккредиттеуден кейінгі ППУ мониторингінен сәтті өтуі туралы шешім қабылданды.

IAAR сыртқы сараптама комиссиясы (ССК) барлық ұсынымдар жеткілікті деңгейде орындалғанын, университет қабылдаған шаралар оқу процесінің сапасын арттыруға және университеттің одан әрі дамуына ықпал ететінін атап өтті, бұл 2023 жылы жоғары оқу орны қайта аккредиттеу рәсімінен ары қарай өту үшін негіздеме болады.