Перейти к содержимому страницы.

Ы. АЛТЫНСАРИН ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ КЕЛДІ

26.02.2025

Бүгін Марғұлан университетіне Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 10-11-сынып оқушылары келді.

Шараны Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ұйымдастырды.

Гимназиядан үш 10-сынып, екі 11-сынып, барлығы 60-тан астам оқушы келіп, ұстаздар ордасымен танысты. Оқушыларды студенттік парламенттің белсенділері күтіп алды. Экскурсияны Әлкей Марғұланның бюсті орналасқан фойеден бастап, университет музейіне дейін барып тамашалады. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Гүлнәр Мұсанова Марғұлан университетінде білім алудың артықшылықтарымен бөлісті. Студенттік парламент президенті Аян Давлетияров студенттік өмір туралы бейнематериал көрсетіп, студенттік ұйымдар туралы айтып берді.

Одан бөлек, университеттің спорттық өмірімен де танысты. Оқушылар бассейнге және студенттер үйіне экскурсия жасап, өздерінің қызықтырған сұрағына жауап алды.