Перейти к содержимому страницы.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС: КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

30.10.2024

Марғұлан университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Алдымен қабылдау комиссиясы жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, 2024 жылға қабылдаудың индикативтік жоспарын орындау туралы баяндалды. Аталған бағыттың жұмысын қабылдау комиссиясының хатшысы Г.Мұсанова таныстырды.
 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе, бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларын бітірушілердің тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін бекіту туралы. Бұл жөніндегі жұмыстарды Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми жұмыс жөніндегі вице-деканы Асем Сулейменова, Өнер және спорт жоғары мектебінің деканы Лебедева Валентина, Педагогика жоғары мектебі деканының м.а Жапарова Бағлан, Жаратылыстану жоғары мектебінің деканы Габдуллин Ермек баяндады.