ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ
13.04.2022
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Торайгыров университеті мен Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдарымен кездесу өткізді. Шара Ғылым күніне орай ұйымдастырылды. Оған Павлодар педагогикалық университеті Ақылдастар алқасының мүшелері п.ғ.д., профессор А.К. Нұрғалиева, п.ғ.к., профессор, Павлодар облысының Құрметті азаматы В.Т.Кольев және т.ғ.к., гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы А.Е.Кәрімова қатысты.
Кездесу барысында жоғары оқу орындарында ғылымды дамытудың басты бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, білім жүйесінің дамуы және экономикалық салалардың инновациялық технологияларды енгізу және қолдану мәселелері сөз болды. Соның ішінде өңірдің дамуы, сапалы кадр даярлау және жас ұрпаққа саналы тәрбие беру мәселелеріне баса назар аударылды. Аймақ басшысы білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы сұранысына негізду маңыздылығы жоғары екенін атап өтті.