ҒАЛЫМ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУДЕ
27.05.2022
Тарих ғылымдарының кандидаты, ППУ Гуманитарлық жоғары мектебінің доценті Қанафин Қанат Қинаятұлы «Ertis» телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына қатысты. Тақырып 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылауға арналған. Сұхбат барысында Қанат Қинаятұлы енгізілген түзетулерге тоқталып, алдағы реформаларға қатысты пікірін айтып, тележүргізушінің сауалдарына жауап берді.
Ғалым алдағы саяси оқиғаның тарихи маңызын түсіндірді. Оның ойынша, соңғы 30 жылда мемлекет құрылысында орын алған қателіктер мен бұрмалаушылықтарды түзетуге болатын сәт туды.
«Мәселе, менің ойымша, осы жылдар ішінде Қазақстанда адамдардың мемлекетке, қоғамға, заңдарға деген көзқарасын айқындайтын тұтас бір жүйенің қалыптасқанында», - дейді Қанат Қинаятұлы.
Жаңа Қазақстанды құру жолында жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен қайта пішімдеу қажет. Саяси және экономикалық мәселелерді шешуге барлық азаматтарды қатыстырмай, алға жылжу мүмкін емес, деп санайды ғалым.
Әрбір отбасының, жалпы мемлекеттің әл-ауқатын арттыру үшін әрбір азамат жан-жақты демократияландыруды нығайту және Жаңа Қазақстанды құру жолындағы ел тағдырын шешуге тікелей қатысуы керек. Бұл шара халық ерік-жігерінің көрінісіне айналуы керек.
Қанат Канафин Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың құрамында халықпен кездесулерге қатысуда. Осы аптада ол Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен және өкілдерімен кездесті. Ғалым жиналған қауыммен тілдесіп, қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берді.