ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕҢЕСІ
20.06.2024
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ұжымның қорытынды кеңесін өткізді. Кеңес барысында академиялық, ғылыми және тәрбие комитеттерінің 2023-2024 оқу жылы бойынша қорытынды есептері тыңдалды.
Жоғары мектеп деканы Анар Еркенқызы Кәрімова Ғылым айлығының нәтижесі бойынша ерекше жетістікке жеткен оқытушылар мен білім алушыларды Алғыс хатпен марапаттады.
Жоғары мектептің вице-деканы Г.Т. Джалдоксимова Академиялық мәселелер бойынша сессияның қорытындысы және оқу-әдістемелік әдебиетті шығару жоспарының орындалуы туралы баяндады.
Жоғары мектеп оқытушыларының ғылыми жетістіктерін вице-декан Ә.К.Сүлейменова баяндап, магистранттар мен докторанттардың жеке жоспарын орындау жөніндегі есептері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, қыста оқуға түскен докторанттардың ғылыми тақырыптары талқыланып, ғалымдар бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Білім беру бағдарламаларының жетекшілері Б.Н.Абдрахманов (тарих), М.И.Оразханова (қазақ тілі мен әдебиеті) мемлекеттік аттестациялық емтихандардың нәтижесі мен 2-4 курстарға арналған ПОӘК бекіту жөнінде есебін берді.
Анар Еркенқызы университеттік аккредитация қорытындысы бойынша, ұжымға алғысын айтып, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысына мол жетістік тіледі.