Перейти к содержимому страницы.

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҮШІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

19.09.2024

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушылары үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нормаларын түсіндіру бойынша кезекті семинар ұйымдастырды.

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері, сондай-ақ университет қызметкерлерінің корпоративтік этика кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтауы талқыланды.

Өз кезегінде оқытушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алуға мүмкіндік алды.

Марғұлан университетінің Комплаенс-қызметі 87075665379 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша жұмыс істеп тұрған жедел желі туралы еске салады, онда ЖОО қызметкерлері, студенттер немесе кез келген басқа тұлғалар өздеріне ыңғайлы нысанда, оның ішінде құпиялылық не анонимдік шарттарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің, мүдделер қақтығысының өздеріне белгілі болған фактілері, оқу орнының қызметкерлері немесе басшылығы тарапынан корпоративтік Әдеп кодексінің нормаларын бұзу туралы хабарлай алады.