ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
28.11.2024
28-қарашада Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде педагогикалық ұжымның қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті. Күн тәртібінде білім беру бағдарламаларының «Педагог» кәсіптік стандарты» (2022 ж. 15 желтоқсан, № 500 б.) және «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандарты» нормативтік құжаттармен сәйкестік мәселелері қаралды. Академиялық жұмыс жөніндегі вице-декан Г.Т.Джалдоксимова, білім беру бағдарламаларының жетекшілері А.С. Жолдыбаева, Г.Қ. Абзулдинов білім беру бағдарламаларының кәсіби стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат берді. Осыдан кейін гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің педагогикалық ұжымы екінші мәселе бойынша талқылау жүргізді. Педагогикалық қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі Б.Д.Нығметова «ЖЖОКБҰ-ға арналған педагогикалық қызметкерлердің кәсіби стандарт» мазмұнына сәйкес келетін құжат Жобасын ұсынды. Талқылау барысында жоғары мектеп ұжымы ұсынылған Жобаны оңтайландыру бойынша пікірлер мен ұсыныстар жасады.