Перейти к содержимому страницы.

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ БББ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

29.02.2024

Білім беру бағдарламаларына қатысты мәселелерді талқылау жиыны гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде де жалғасты. 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогын талқылау жиынына гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімова төрағалық етіп, мұндай кездесулер дәстүрлі түрде өтетінін және жұмыс берушілермен бірлесе отырып, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау үшін маңыздылығы зор екенін атап өтті.

Аталмыш шараға қаламыздың үздік білім беру мекемелерінің өкілдері, білім саласындағы жұмыс берушілер және жоғары мектеп ұжымы мен білім алушылары қатысты.

Кездесу барысында әр білім беру бағдарламасының жетекшілері мамандықтардың ерекшелігі, білім траекториясы және енгізілген жаңа пәндер туралы баяндама жасады. Талқылау барысында мектеп мұғалімдері БББ-ның өзектілігін, сұранысқа сай тұстарын және теориялық мазмұнының толыққандылығын атап көрсетті. Мектеп ұстаздары университеттегі білім берудегі жаңашылдықтарды құптап, аталған бағыттардың сұранысына ерекше көңіл бөлді. Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрболат Теміров аталған шараның маңыздылығын, ұсынылған элективті пәндердің қоғам сұранысына және талаптарға сай екендігін атап өтіп.

Сонымен қатар, №11 орта білім беру мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасыры Петрова Елена Анатольевна өз ойымен бөлісті. Оның пікірінше БББ-да инклюзивті білім беруді асыру жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы басты мәселе деп ой бөлісті. Ұқсас пікірлерді жиынға қатысушылардың басым бөлігі қолдады. Жиын қорытындысы ретінде БББ бірауыздан мақұлданды және айтылған ұсыныстар қабылдынып, енгізуге даярланады.