Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Құрмет грамотасымен марапатталды
17.05.2021
Жезқазған қаласында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Г.Е. Отепова қатысты. Конференция белгілі өлкетанушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері С.Т. Букуровтың 100 жылдығына арналған XVIII Букур оқулары аясында өтті. Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші ғалымдары, еңбек сіңірген металлургтер, өлкетанушылар, республика мұрағатының қызметкерлері қатысты. ППУ профессоры Өтепова Г.Е. пленарлық отырыста "Архив қорларын зерттеу: "Архив - 2025" бағдарламасын іске асыру" тақырыбында баяндама жасады. Республиканың мұрағат қорларындағы белсенді жұмысы үшін Г.Е. Отепова баяндамасы Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және мерейтойлық медалімен марапатталды.