«Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
14.09.2021
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында келешек жастардың білім алуына алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқыту үрдісі енгізілді.
Ол – «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Жобаның мақсаты – гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі таңдамалы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, жастарға жаңашыл бағытта білім беру және оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асыру.
Жарық көрген жүз оқулық Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың кітап қорымен толықтырылды. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырып, ППУ бірінші курс студенттеріне библиографиялық шолу өткізді.