Перейти к содержимому страницы.

ГРАНТТЫ МІНДЕТТІ ӨТЕУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

16.04.2024

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне «Қаржы орталығы» АҚ өкілі келіп, биыл бітіруші түлектермен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқу бітірген түлектер үшін гранттың міндетті өтемі мәселелері бойынша түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Шара Марғұлан университеті мансап орталығының ұйымдастыруымен өтті.

-Білім туралы заң бойынша грант өтемін орындамаған жағдайда бюджет қаражатын қайта өндіру жұмысы жүргізіледі. Егер оқу бітіруші өз еркімен қайтармаған жағдайда сот арқылы орындалады. Яғни, белгілі мерзімге дейін жұмыс істемеген жағдайда жауапкершілікке тартылады. Егер ауыл квотасымен оқыған болсаңыз онда ауылдық елді мекенде және білім мекемесінде жұмыс істеу міндетті.
Бұл жерде жеке меншік немесе мемлекеттік мекеме болса да бола береді. Сонымен қатар, колледж, мектеп, бала бақшада жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Ал грантты өтеу уақыты үш жылды құрайды, - деді «Қаржы орталығының» өкілі Ақзира Серікқалиқызы.

"Серпін" бағдарламасы бойынша Қазақстанның белгіленген сегіз облысында жұмыс істеу міндетті. Егер басқа облысқа көшіп кетсеңіз, грант сомасы қайтарылады. Бұрын грантты өтеу уақыты үш жыл болса, кейін екі жылға қысқарды. Яғни, екі жыл жұмыс істеу керек.