Перейти к содержимому страницы.

ГИМНАСТШЫЛАРЫМЫЗ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

25.05.2023

Алматыда қаласында Батут гимнастикасынан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, оған еліміздің тоғыз облысынан 173 спортшы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің студенттері Бутолина Виктория, ФКС тобы – 12 және Алина Сәрсембаева, ФКС тобы – 32 тағы да жеңіс тұғырынан көрінді!

17-21 жас санатында сынға түскен Виктория Бутолина батутта екі дүркін чемпион атанды. Алина Сәрсембаева серіктесімен синхронды батутта жүлдегер атанды, сонымен қатар қос мини-батут пен батутта қола жүлдені жеңіп алды.

Қыздарды Өнер және спорт жоғары мектебінің профессоры Евгений Бронский дайындайды.

Гимнасттарымызды және олардың жаттықтырушысын кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да спорттық жетістіктер тілейміз!