Перейти к содержимому страницы.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖОСПАРЛАУ МЕН ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

12.12.2024

Бүгін Марғұлан университетінің Ғылыми зерттеулерді қолдау департаменті докторантура білім беру бағдарламаларының докторанттарына ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен жүргізудегі маңызды мәселелерге арналған семинар өткізді. Семинарға Марғұлан университетінің басқарма мүшесі, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин қатысып, алдағы уақытта ғылыми-техникалық шындық жағдайында жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға баса назар аударылатынын айтты.

Спикер ретінде ғылыми зерттеулерді қолдау департаментінің директоры міндетін атқарушы, ғылым және коммерцияландыру бөлімінің меңгерушісі профессор Айнагүл Оспанова және ғылым және коммерцияландыру бөлімінің жетекші маманы Татьяна Гавриловалар баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар аралық және жылдық аттестацияға қойылатын талаптар, оның ішінде докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау жөніндегі есептері туралы толық ақпарат алды. Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау және бағалау үрдісі де қарастырылды, онда тоқсандық аттестацияның негізгі элементтері ретінде ғылыми жетекшінің мінездемесіне, докторанттың баяндамасына және жоғары мектептің қорытындысына ерекше көңіл бөлінеді. Семинар барысында жыл сайынғы аттестаттау, оның ішінде жеке жұмыс жоспарын орындау және оң баға алу үшін барлық талаптарды сапалы орындау мәселелері талқыланды. Семинар барысында докторанттар жеке жұмыс жоспарын дұрыс жоспарлау бойынша ұсынымдар, сондай-ақ, жоспарланған ғылыми тапсырмаларды орындау мерзімі мен сапасы бойынша тәжірибелік кеңестер алды.