ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
16.01.2025
“Марғұлан университетінде "Ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" тақырыбына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараға ғылым және интернационалдандыру жөніндегі вице-декан, сапаны арттыруға мүдделі білім беру бағдарламаларының басшылары қатысты.
Ғылым бөлімінің жетекшісі, профессор А.К.Оспанова тыңдаушылардың назарын негізгі нормативтік құжаттарға аударып, олардың кәсіби қызметі мен мансаптық дамуына әсерін талқылауға бастамашы болды. Семинардың тәжірибелік бөлігі барысында оқытушылар ғылым бөлімінің жетекші маманы Т.В. Гавриловамен бірлесіп өз құзыреттері мен кәсіби жетістіктерін бағалауды жүргізді, сондай-ақ өз мансабындағы қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындады.
Семинар қатысушыларға ғылыми қызметтің сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ практикалық ұсыныстар алуға бірегей мүмкіндік берді. Қатысушылар шараның жоғары деңгейде өткенін және ұсынылған материалдардың пайдалы болғанын атап өтті. Семинар соңында барлық қатысушыларға университеттің басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Б. С. Есенгелдиннің қолы қойылған сертификаттар берілді.