Перейти к содержимому страницы.

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС

15.04.2025

Марғұлан университетінде "Ғылым декадасы" аясында мектеп ғылыми жобаларын жазу бойынша мастер-класс өтті. Лектор, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Е. Кузембаев ғылыми жобаларды жазудың негіздері мен инклюзивті білім беру саласында мектеп оқушыларын даярлаудың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Іс-шараға "Тарих", "Қазақ тілі", "Арнайы білім беру" және "Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі" мамандықтарының студенттері қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырған — Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі. Шара болашақ педагогтардың soft skills дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.