Перейти к содержимому страницы.

«ҒЫЛЫМҒА ҚҰШТАР ЖАСТАР»: ОҚУШЫЛАР АРХЕОЛОГИЯ МЕН БИОЛОГИЯ ӘЛЕМІН ТАНЫДЫ

08.04.2026

Ғылым онкүндігі аясында Павлодар қаласындағы №3 облыстық гимназиясының оқушылары Марғұлан университетіне барып, интерактивті ғылыми іс-шараларға қатысты.

Оқушылар «Археология 3D форматта» көрмесімен танысты: дрондар, 3D-модельдер, георадарлар және цифрлық реконструкциялар арқылы олар көне дәуірмен «тікелей байланысқа» түсіп, технологиялардың өткенді қалай жаңғыртатынын өз көздерімен көрді.

Сонымен қатар жас зерттеушілер биоценология орталығына барып, өздерін ғалым ретінде сынап көрді: үлгілер алып, бірнеше зертханалық тәжірибе жүргізді.

– Марғұлан университеті дарынды жастарды белсенді қолдап келеді және «Ертіс дарыны» орталығымен бірлесіп, талантты оқушыларды ғылымға тартуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда, – деді кеңсе және маркетинг бөлімінің жетекшісі Гүлнар Мусанова. – Бүгінгі іс-шара қатысушыларға болашақ мамандығына бір қадам жақындап, өз таңдауын айқындауға мүмкіндік береді.