ҒЫЛЫМДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕН ҚЫЗДАР КҮНІ
11.02.2025
11 ақпанда бүкіл әлемде ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні атап өтіледі. Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде әйел ғалымдардың үлесі 73 пайызды құрайды.10 әйелдің ғылым докторы, 26 – Phd докторы, 45 әйелдің ғылым кандидаты және 80 нәзік жандыда магистр дәрежесі бар. Біздің университеттің әйел ғалымдары өте білімді, креативті, талантты әрі жауапты. Олар өзекті және маңызды жобалармен жұмыс істеуде. Түрлі гранттар ұтып алып, ауқымды инновациялық жобаларды іске асырады. Біздің әріптестеріміз тек еңбекқорлықпен ғана емес, сұлулықпен, ақылдылықпен, рухани қасиеттермен де ерекшеленеді. Олар бізді өздерінің бойындағы ерекше тәрбиесімен және өз қызметтеріне деген адалдығымен әрдайым таңдандырып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!