ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ ФОРУМЫ
25.08.2022
Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері 2022 жылғы 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумына қатысуда.
Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жетекшілер, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, топ-менеджерлер, жұмыс берушілер, қазақстандық студенттер, жас ғалымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері кірді.
Форумды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Наука и высшее образование Казахстана: точки преобразования» атты форсайт сессиясында ашты. Жиын барысында еліміздің жетекші ғалымдары мен оқытушылары әлемдік тенденцияларға сай заманауи білім берудің негізгі бағыттарын белсенді түрде талқылап, жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытудың бағыттарын айқындады.
Шара аясында өткен семинарларға Павлодар педагогикалық университетінің проректорлары Ольга Андрющенко, Бауыржан Есенгелдин және жоғары оқу орындарының декандары қатысты.