ҒЫЛЫМ АЙЛЫҒЫНЫҢ ХРОНИКАСЫ
12.05.2024
2024 жылғы 12 сәуір мен 10 мамыр аралығында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Ғылым айлығы өткізілді. Айлықтың ашылуына университеттің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры мен жоғары мектеп декандары қатысып, құттықтап, сәттілік тіледі. Ғылым айлығының ашылуына орай университет фойесінде ғылыми жобалар көрмесі, "Білімді ұрпақ – ел болашағы" кітап көрмесі және картиналар галереясы ұйымдастырылды.
12 сәуір күні зерттеулерді қолдау департаменті ЖОО ішінде стартап жобалар байқауын өткізді. Байқауға барлық жоғары мектептерден 21 стартап жоба ұсынылды. Осы күні гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» ББ көрнекті ғалымдар - Қ. Сәтбаев, Ә.Марғұлан және К.Ақышевке арналған зияткерлік ойын өткізді. Ойынға Марғұлан университеті мен Торайғыров университетінен 5 команда қатысты.
1 орынды Марғұлан университетінің студенттері жеңіп алса, екінші орынға Торайғыров университеті ие болды. кейін Марғұлан университетінің студенттері иеленді.
Сондай-ақ "Марғұлан жастары" командасы «Дебют» номинациясы және "Жеті Қазына"командасы "Ұйымшыл" номинациясы бойынша марапатталды.
Сондай-ақ, №43 орта мектеп базасында Р.А.Елтинова «Цифрлық білім беру ресурстары болашақтың құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді құралы ретінде" атты облыстық семинар өткізді. 12-17 сәуір аралығында информатика пәнінен облыстық олимпиада өткізілді.
15 Сәуірде "Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім мен ғылымның сапасы" атты XIV Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция төрт бағыт бойынша өтті: "Педагогика мен психологияның өзекті мәселелері", "Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытудың өзекті мәселелері", "Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың негізгі трендтері", " Бейімделген дене шынықтыру, спорт және рекреация: жағдайы, проблемалары, болашағы". 30-дан астам студент өзекті ғылыми баяндамалары үшін жүлделі орындарға ие болды.
15 сәуірде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназия базасында гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің профессоры, "Шет тілі" білім беру бағдарламасының басшысы А.С. Жолдабаева мен Гада Рахман "Languages and Art of communication"ғылыми-практикалық семинар өткізді.
22 сәуірде педагогика жоғары мектебінің оқытушысы А. Е. Ахметова "Логопедия" пәні шеңберінде ғылыми зерттеулер практикасы шеберлік сыныбын өткізді.
Ғылым айлығы кезеңінде 35-тен астам іс-шара өткізілді, оның ішінде 2 халықаралық конференция, стартаптар конкурсы. Сонымен қатар, ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар конкурсы, университеттің білім алушылары мен ПОҚ-ның ғылыми зерттеулері бағыттары көрсетілген басқа да көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.