Перейти к содержимому страницы.

ГЕТЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ НЕМІС ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАРЫ

26.06.2023

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының оқытушылары Ақылбекова Әдемау Қайыргелдіқызы мен Рамазанова Мейрамгүл Абайқызы Орталық Азия елдерінің неміс тілі мұғалімдеріне арналған Гёте-Институты семинарына қатысты. Семинарды белгілі тіл маманы Салли Бондок ханым жүргізді. Оқу курстары Алматы қаласында өтті.

-Семинарда жинақталған тәжірибені мұғалімдер оқу-тәрбие процесіне енгізеді. Семинар оқытушылар үшін өте пайдалы болды деуге болады. Себебі, көптеген маңызды мағлұматтар берілді. Мұндай семинарлар әріптестермен тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар одан әрі кәсіби қызмет үшін жаңа идеялар алуға мүмкіндік береді, - дейді қатысушылар.

Семинар барысында Орталық Азия елдерінің неміс тілі мұғалімдері өз біліктіліктерін арттыруға, оқыту әдістемесін жетілдіруге, шет тілін оқытудағы жаңа тәсілдермен танысуға мүмкіндік алды.