Перейти к содержимому страницы.

ГЕРМАНИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР МU ОҚЫТУШЫЛАРЫНА КУРС ӨТКІЗДІ

11.11.2025

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде оқытушылардың біліктілігін арттыруға арналған халықаралық курс өтті. Курстың тақырыбы – «Жоғары оқу орнында физика-математика пәндерін оқытудың жаңа тенденциялары».

Іс-шараның ұйымдастырушылары – университеттің құзыреттер және үздіксіз білім беру орталығы, жаратылыстану жоғары мектебі болды.

Сабақтарды Германиядан келген физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Петер Эндерс жүргізді. Курс барысында қатысушылар заманауи оқыту әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты және студенттерге оқытуды қалай қызықты әрі тиімді ету жолдарын талқылады.

Мұндай курстар оқытушылардың кәсіби тұрғыда дамуына және білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізуіне мүмкіндік береді.