ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ АТАНДЫ
05.02.2025
Бүгін Марғұлан университетіне ҚР Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев келіп, студенттермен кездесті. Аталған шараға Қазақстанның Еңбек Ері Рышат Амренов, Қазақстанның Еңбек Ері Мұрат Қаиргельдин, “Құрмет” орденінің кавалері Касицын Александр, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Ғалымжан Шарапатов сынды елге белгілі азаматтар қатысты. Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректор Ержан Әмірбекұлы қонақтарға қара шаңыраққа ат басын бұрып арнайы келгені үшін алғысын білдіріп, университет қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Айтыскер ақын Бексұлтан Қайдаров қонақтардың құрметіне арнау айтты. Өз сөзінде Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев Отанға деген құрмет пен адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге ағалық ақыл-кеңесін айтты. Осы жиын барысында генерал Б.Ертаев Марғұлан университетінің Құрметті профессоры тағына ие болды.