ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ
24.09.2025
Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 15 жылдығына орай 22 қыркүйек күні 11–12 сынып оқушылары Марғұлан университетінің ғалымдарымен кездесті.
Кездесу қонақтары – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, декан Каримова Анара Еркенқызы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Өтепова Гульфира Елубайқызы.
Ғалымдар «Ресей империясы Сібір комитетінің құжаттары – ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде» тақырыбында оқушыларға қызықты мәліметтер ұсынды.
Оқушылар өз кезегінде ғалымдарға түрлі сұрақтар қойып, тарихқа деген қызығушылықтарын танытты.
Шара ұйымдастырушылары: Ғазиз А.Ғ., Турарбеков Д.М., Сыздық С.Қ., Абдрашитова Ж.Е.