Перейти к содержимому страницы.

ФОРМАЛЬДЫ ЕМЕС БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА ДАҒДЫЛАРДЫ ЖЫЛДАМ МЕҢГЕРУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

30.03.2026

       Қазіргі қоғамның даму қарқыны мамандардан білім мен дағдыларды үнемі жаңартуды талап етеді. Бүгінде білім беру бір реттік кезең ретінде емес, адам өмір бойы жалғасатын үздіксіз үдеріс ретінде қарастырылады. Осы тұрғыда формальды емес білім берудің маңызы арта түсуде.

      Дәстүрлі білім беру жүйесі мықты теориялық негіз қалыптастырып, кәсіби ойлауды дамытады. Алайда оның ұзақтығы мен қатаң құрылымы кәсіби ортадағы өзгерістерге жедел бейімделуге әрдайым мүмкіндік бермейді. Ал формальды емес білім беру икемділігімен және жеделдігімен ерекшеленіп, қысқа мерзімде сұраныстағы ие нақты дағдыларды меңгеруге жағдай жасайды.

     Бұл үдерісте Құзыреттер және үздіксіз білім беру орталығы маңызды рөл атқарады. Орталық практикалық қолдануға бағытталған бағдарламалардың кең ауқымын жүзеге асырады: біліктілікті арттыру курстары, тілдік бағдарламалар және тақырыптық тренингтер. Оқыту тәжірибелі оқытушылар мен практиктерді тарта отырып, педагогтер мен мамандардың өзекті сұраныстарын ескере отырып ұйымдастырылады. Икемді формат, заманауи мазмұн және практикалық бағыттылық тыңдаушыларға кәсіби құзыреттерін жедел жаңартып, алған білімдерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

     Осылайша, формальды емес білім беру мамандардың кәсіби дамуының маңызды құралына айналып, өзгерістерге тез бейімделуге және бәсекеге қабілетті болуға ықпал етеді.