Перейти к содержимому страницы.

FIRST OFF-SEASON РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫ: ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЖЕТІСТІГІ

15.04.2026

2026 жылғы 15 сәуірде Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан базасында FIRST Off-Season (FIRST LEGO League Challenge) робототехника бойынша тартысты жарыс өтті.

Аталған сайыста жас инженерлер мен өнертапқыштар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, креативті ойлау қабілетін және командалық үйлесімділігін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

I орын — Robodrive-8 командасы

Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі» КММ

Ғылыми жетекшілері: Татьяна Федоровна Медведева, Торғын Джасулановна Есенқұлова

II орын — ROBOTER командасы

«Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ (Екібастұз қаласы)

Ғылыми жетекшісі: Салтанат Бектурова

III орын — DARYN командасы

«Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия» КММ

Ғылыми жетекшілері: Айнұр Алтынсариновна Сыздықова, Аяна Талғатбекқызы Есмағамбет

III орын — Tengri командасы

Дарынды қыздарға арналған инновациялық мектеп-интернаты

Ғылыми жетекшісі: Мадина Сұлтанәлиқызы Әлі

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Жас өнертапқыштарға жаңа идеялар, шығармашылық табыс және технология әлемінде жаңа жетістіктер тілейміз.